Ерікті түрде түрмеге отырған еріккен - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерікті түрде түрмеге отырған еріккен

Ерікті түрде түрмеге отырған еріккен

АҚШ-та ер адамды өзінің сұрауы бойынша түрмеге қамады, деп жазады шетелдік БАҚ.  

  • 18 Сәуiр 2014
  • 293
Фото - Caravan.kz


Түрмеде отырып шыққан 74 жастағы Уолтер Унбехаун бостандыққа шыққан соң іші пыса бастайды. Түрме туған үйіндей болып қалғандықтан, ол сол орынға қайтып келуді шешкен.

Уолтер бір банкке келіп, кассирді тапаншамен қорқытып, кассадағы барлық ақшаны алып кетеді де, жақын маңда орналасқан қонақүйлердің бірінде полицияның келуін күтіп жатады. Ал сотта ол бостандықта іші пысқандығын, түрмеге қайтып оралғысы келетіндігін айтқан. Сот оның бұл өтінішін орындап, ер адамды 3,5 жылға бас бостандығынан айырған.