Ерке Есмахан “10 жыл дегенде әрең көтерілді” деп сынағандарға ренжіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерке Есмахан “10 жыл дегенде әрең көтерілді” деп сынағандарға ренжіп қалды

Ерке Есмахан “10 жыл дегенде әрең көтерілді” деп сынағандарға ренжіп қалды

Ерке Есмахан “10 жыл дегенде әрең көтерілді” деп сынаған жандарға ренішін жеткізді. Әнші жеке шығармашылығына биыл небәрі 5 жыл толатынын айтты. Оған дейін топта ән салып, отбасылық жағдайға байланысты өнерден қол үзгенін де атап өтті.

  • 13 Сәуiр 2018
  • 80
Фото - Caravan.kz

“Қымбатты достарым! Жақын арада, Алла қаласа, кезекті бейнебаянымды ұсынамын! Бұл менің жеке әнші боп саxнаға шыққан 5 жылдағы 10-шы бейнебаяным екен. Иә, иә, Ерке Есмаxан деген әншінің үлкен саxнада жүргеніне 5 жыл! 10-11-15 жыл емес! Оған дейін мен “Іңкәр” тобының құрамында 4 жыл ән айттым. Кейін топ тарады, менің жеке өмірімдегі өзгерістерге орай саxнадан қол үзе тұрдым”, – дейді Ерке.

“Ерке “10-15 жыл дегенде әрең көтеріліпті, үйтіпті-бүйтіпті” деген сияқты ақпараттарды көргенде жаға ұстаймын. Мен өз жолыммен жүріп келе жатырмын. Алланың бұйрығымен шығармашықтың әр баспалдағын асықпай басып келем… Өмірдің кей жерлерінде сүрініп кету кез келгеннің басынан өтеді. Мен оны “әрең көтерілгенге, бағы жанбай қойғанға” жатқызбаймын”, – деп атап өтті әнші.

Есмахан жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты шындықты алдағы уақытта өзі айтып отыруға сөз берді.

“Үшінші жақ, мейлі ол менің бұрынғы продюсерім, музыкалық продюсерім немесе әріптесім болсын, менің шығармашылық өміріме қатысты жалған ақпарат айтып, сарапқа сала алмайды деп ойлаймын. Айтпақшы, шығармашылығымның 5-жылдығы деп үлкен жеке концерт беру де жоспарымда бар! Қалай ойлайсыздар, мен жеке концерт беруге пістім бе? 5 жылда бiраз еңбек жасалған сияқты, иә?” – деп тыңдармандарының пікірін сұрады ол.

Өз кезегінде желідегілер Еркенің концерті болса, қуана-қуана баратындарын айтып жатты.


Оқи отрыңыз:

Қордайда ҚР Қарулы Күштерінің әскери шеруі өтеді
Таразда 10 жасар жеткіншекті зорлап, буындырып өлтірген жасөспірім жазадан жеңіл құтылып кетті

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында теңге нығайып жатыр