Жарияланды: 90

Қордайда ҚР Қарулы Күштерінің әскери шеруі өтеді

Қордайда ҚР Қарулы Күштерінің әскери шеруі өтеді Сурет - zakon.kz

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Отар» әскери базасының аумағында ҚР Қарулы Күштерінің әскери шеруіне дайындық жүріп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев пен әскери ведомство басшысы 7 мамыр күні «Отар» 40-шы әскери базасы аумағында әскери парад өткізу мәселесін талқылады. «Әскери қызметтің имиджі мен беделін арттыру мақсатында Тараз қаласы қорғаныс істері басқармасы «Отанға қызмет - абыройлы міндет!» акциясын өткізді», - дейді Жамбыл облыстық қорғаныс істері департаментінің өкілдері. Еске сала кетсек, 2013 жылы «Отар» 40-шы әскери базасында Қазақстан Қарулы Күштері тарихында алғаш рет әскери парад өткен болатын. Шараға Қазақстан Президенті - ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан.

 

Оқи отырыңыз:

Қостанайда анасы ұйықтап қалып, қасында жатқан бес айлық сәби көз жұмған
Адамның жеке деректерін ұрлайтын «екінші» WhatsApp пайда болды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін