Ерке Есмахан көлігінің алдында тізіліп тұратын жігіттер көп екенін айтты (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерке Есмахан көлігінің алдында тізіліп тұратын жігіттер көп екенін айтты (видео)

Ерке Есмахан көлігінің алдында тізіліп тұратын жігіттер көп екенін айтты (видео)

Еліміздегі хитмен әншілердің бірі Ерке Есмахан алғашқы көлігі, жолда тоқтататын сақшылар және өзіне ғашық жігіттер туралы айтты.

  • 30 Желтоқсан 2021
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Актриса Айым Сейітметованың күйеуі, кәсіпкер Талғат Итаев берген сұхбатында әнші жолда бөтен адамдармен танысқан кезі болғанын мойындады.

Ондайлар көп болды. Барлығы көңіл-күйіме байланысты. Көңіл-күйім күшті болса, танысып, араласуым мүмкін. Танысқысы келетіндер өте көп. Бәрімен қалай танысамын? Алдыма тұрып алып, жүргізбей қойған жігіттер көп, — дейді Ерке Есмахан.

Эстрада жұлдызы қарапайым көліктерге жоламайды екен. Ең алғаш Lexus RX-330-ды тізгіндеген.

Оған дейін ағамның Toyota Prada көлігіне отырдым. Сосын "Лексус" болмаса керек емес, жаяу жүре берейін дедім. Үйдегілер амал жоқ, алып беруге мәжбүр болды,— дейді ол.

Ерке Есмахан жол ережесін сирек бұзатын жүргізуші екенін айтты. Ешқашан жол апатына ұшырап көрмеген. Ал тәртіп сақшылары жолда тоқтатқанда көп жағдайда танымалдылығын пайдаланатын кездері жетерлік.

Кей кезде жол ережелерін бұзуым мүмкін. Көбіне менімен амандасуға, суретке түсуге, құжатты тексеруге тоқтатады. Былайша Алматыда бәрі менің көлігімді біледі. Қол бұлғап өтіп кете беремін. Менде құжаттар, бәрі дұрыс. Тек сөйлесуге тоқтатады, — дейді әнші.

 

Соңғы жаңалықтар