Ерлі зайыптылар арасындағы жанжал өліммен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлі зайыптылар арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Ерлі зайыптылар арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Ерлі зайыптылар арасындағы жанжал екі бірдей кісі өлімімен аяқталды. Қанды оқиға Ақмола облысының Бурабай ауданында орын алды. Ұрыс-керістен кейін күйеуі алдымен әйелінің басын балтамен шауып, артынан өзі асылып қалған.

  • 4 Маусым 2011
  • 1025
Фото - Caravan.kz

Үйдегі қанды оқиғаны алдымен әке-шешесіне қонаққа келген ұлдары көріпті. Полицияға хабарлаған да солар. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары 1961жылы туған азаматшаны күйеуі балталап өлтіргенін анықтады. Кейін қора жаққа барып өз-өзіне қол салған. 56 жастағы отағасы өлер алдында «Қош болыңдар!» деп тілдей хат қалдырыпты. Басқа ештеңе жазбаған. 


Рүстем Шаймұратов,
Ақмола облыстық ІІДбаспасөз қызметінің инспекторы:

— Оқиға орнына жедел іздестіру тобы барды. Тергеу амалы кезінде  отбасындағы жағдай жақсы екені белгілі болды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Мәйіттер мәйітханаға жөнелтілді.