Ерлі-зайыптылар бірден 4 баланы асырап алды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлі-зайыптылар бірден 4 баланы асырап алды

Ерлі-зайыптылар бірден 4 баланы асырап алды

Астанадағы балалар үйінде ерекше жағдай болды деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап.. Баласы жоқ ерлі-зайыпты жетім

  • 27 Қазан 2017
  • 446
Фото - Caravan.kz

Астанадағы балалар үйінде ерекше жағдай болды деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап..

Баласы жоқ ерлі-зайыпты жетім қызды асырап алуға келеді. Оның ата-анасы ата-аналық құқынан айрылған екен. Әлгі бүлдіршін қыздың туған інісі мен сіңлісі бар екен. Оның бірі мамандандырылған балалар үйінде, екіншісі кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығында болыпты. Ойлана келе бала асырап алуға үміткер отбасы төртеуін де патронаттық тәрбиеге аламыз деп шешім қабылдады, деп хабарлады «Балалар үйі» КММ тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Оскана Дзюба елорда әкімдігінің медиа орталығы тілшісіне. Өткен жылы асырап алғысы келетін үміткерлер көбіне баласыз жұптар болатын. Әлеуметтік қызметкердің айтуынша, қазір Астанадағы балалар үйіне 2-3 баласы барлар да келіп, асырап алуға ниеттері барын білдіргендер көбейген. 2016 жылы балалар үйінің базасы жанынан «Отбасыны қолдау орталығы» ашылған болатын. Осы мақсатта «Ана үйі» қоғамы қоры, «Балалар үйі» МКМ, астаналық білім басқармасы меморандумға қол қойды. «Сенбі сайын курсқа асырап алғысы келетін ата-аналар келеді. Өз отбасына бөтен баланы алып кету оңай шешім емес. Ата-аналар баланың психологиясын түсініп, оның болашағына деген жауапкершілікті түсінуі қажет», — дейді О.Дзюба. Бала асыраушы отбасы мектебінен өткен соң, асырап алушы жұптар республикалық базадан жетім балалар туралы толық ақпаратпен таныса алады. Қазір астаналық балалар үйінде 4 жастан 18 жасқа дейін 74 бала бар. «Қазір бізде тәрбиеленушілер саны азайып келеді. Бұл баламалы түрде отбасыларға орналастыру, бала асырап, қамқорлыққа алу, патронаттық жүйенің белсенді дамуымен байланысты болып отыр. Жыл басынан бері біздің балалар үйінен 33 бала жаңа отбасын тапты», — дейді О.Дзюба.



 

Соңғы жаңалықтар