Ертең Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел күшейеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел күшейеді

Ертең Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел күшейеді

Қазақстанның шығыс бөлігінде жоғары қысым ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың батыс бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Қыркүйек 2013
  • 318
Фото - Caravan.kz

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз жел екпіні 30 м/с-тан асады. Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысының кей жерлерінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.


Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы қадағаланады. Гидрологиялық тәртіпте Қазақстанның қалған сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.