Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға Өскемендегі «Аблакетка» шағын ауданында болған. «Ертістің сол жағалауында «Шлюзная» аялдамасына қарама-қарсы жерде балалар жағалаудағы мұз үстінде ойнап жүрген. Олардың бірі — жеті жасар бала — мұз астына түсіп, батып кетті», — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Баланың денесі судан құтқару қызметінің күшімен жағалауға шығарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті