Есеп комитетінің басшысы мәслихаттардың ревизиялық комиссияларын дербес мемлекеттік органға айналдыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитетінің басшысы мәслихаттардың ревизиялық комиссияларын дербес мемлекеттік органға айналдыруды ұсынады

Есеп комитетінің басшысы мәслихаттардың ревизиялық комиссияларын дербес мемлекеттік органға айналдыруды ұсынады

АСТАНА. 15-маусым. Kazakhstan Today. Есеп комитетінің басшысы Омархан Өксікбаев мәслихаттардың ревизиялық комиссияларын дербес мемлекеттік органға айналдыруды ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Маусым 2007
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Меніңше бүгінгі күні мәслихаттардың ревизиялық комиссияларын мәслихат хатшылығының аппаратынан шығарып, дербес мемлекеттік органға айналдыру дұрыс. Мәслихатқа есеп беретін, бірақ, Есеп комитетіне бағынышты, немесе мүлдем тәуелсіз мемлекеттік орган ретінде құрған жөн»,- деді О.Өксікбаев бүгін сенаттың жалпы отырысында сөйлеген сөзінде. «Осындай ұсыныс қазір дайын»,- деді ол.

Есеп комитеті басшысының пікірінше, «қазір ревизиялық комиссиялар заң жүзінде жұмыс істегенімен, іс жүзінде жоқтың қасы». «Бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттерді олар қадағаламайды»,- деді ол.

Дегенмен, О.Өксікбаевтың айтуынша, «кейбір атқарушы органдар мәслихаттардың ревизиялық комиссияларына артық дербестік беруге қарсы». «Бұл жергілікті жерлердегі әкімдердің шаруасы деген жауап беріледі. Әкімдер өз маңында мұндай орган құруға құлықсыз»,- деді комитет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті