Есеп комитетінің Қосалқы құн салығын нольдік ставкамен қайтару тетігін жетілдіру жөніндегі ұсынысы қабылданбауға байланысты бюджет шығынға ұшырауда - Өксікбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитетінің Қосалқы құн салығын нольдік ставкамен қайтару тетігін жетілдіру жөніндегі ұсынысы қабылданбауға байланысты бюджет шығынға ұшырауда - Өксікбаев

Есеп комитетінің Қосалқы құн салығын нольдік ставкамен қайтару тетігін жетілдіру жөніндегі ұсынысы қабылданбауға байланысты бюджет шығынға ұшырауда - Өксікбаев

Астана. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитетінің Қосалқы құн салығын нольдік ставкамен қайтару тетігін жетілдіру жөніндегі ұсынысы қабылданбауға байланысты бюджет шығынға ұшырауда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен бас қосуда сөз сөйлеген Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Наурыз 2008
  • 832
Фото - Caravan.kz

«Есеп комитеті тіпті 2005 жылы үкіметке Қосалқы құн салығын нольдік ставкамен қайтару тетігін жетілдіру жөніндегі ұсыныс енгізген, атап айтсақ, айналымға нольдік ставка бойынша салық салынатын санаттан қара металл мен металл сынықтарының экспортын алып тастауға нұсқау берілді. Бұл мәселе бойынша бүгінге дейін шешім қабылданған жоқ, тиісінше бюджет шығынға ұшырап отыр», -деді О. Өксікбаев.

Жалпы алғанда, Есеп комитетінің бағалауынша, «қосылған құны бар тауар өндіру мен сатуды салық және басқа жағынан ынталандыру үшін қолданылып отырған шаралар жеткілікті ойластырылмаған».

Мәселен, Қосалқы құн салығы бойынша республикалық бюджеттен қайтарылатын жыл сайын көлемі ұлғая түскен қаржы көлемі 2007 жылы 180,0 млрд теңгеден асты, оның 90% -дан астамын қолданыстағы Салық заңнамасының идеологиясына сәйкес, дайын өнім өндіруші емес, шикізат экспорттаушы шаруашылық субьектілері алады.

«Тиімді салық әкімшілігі мәселелері бөлек талқылауды талап етеді, бұл екі көрсеткіштің динамикасымен дәлелденіп отыр», — деді О. Өксікбаев.

Оның мәліметінше, қоса есептелген салық сомалары мен бюджетке аударылатын басқа да төлемдердің бюджетке өндіріп алыну деңгейі 2006 жылы 17%-дан 2007 жылы 10%-ға дейін кеміді; ал салық тексерулерінің нәтижелеріне қарсы шағым түсіру көлемі 480 млрд теңгеге дейін, немесе, 27 есе өсті. «Бұл дерек қолданыстағы салық заңнамасының осалдығы мен салық қызметкерлерінің біліктілігінің төмендігіне дәлел», — деді ол.

«Республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің тұрықты орталықтандырылуы (2007 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 2007 жылдың қорытындысы бойынша салық түсімдерінің 71%-ы шоғырландылса, жергілікті бюджеттерге — 29%-ы шоғырланады, ал 2006 жылы ол тиісінше 63% және 37% болған) 2002 жылдан бастап жергілікті бюджеттерге бөлінетін ресми трансферттер көлемінің 14 есе өсуіне, ал жергілікті бюджеттердің трансферттерді есептемегендегі кірісінің небәрі 2 есе өсуіне, трансферттерді ескергенде 4 есе өсуіне алып келді. Ал жергілікті бюджеттердің кірісіндегі трансферттердің үлесі 46% құрайды», -деді ол.

«Келтірілген сандар жергілікті атқарушы билік органдарының республикалық бюджеттен бөлінетін «аударымдар» тұрақты болған жағдайда бюджетпен өзін-өзі қамтамасыз ету мәселесін шешуден мүдделі емес екенін паш етеді», — деді Есеп комитетінің төрағасы.

Есеп комитетінің құзыретінің шектеулілігіне және мәслихаттардың ревизиялық комиссияларының ресурстық базасының жеткіліксіздігіне байланысты өңірлердің салық әлеуетіне толыққанды баға беру, өкінішке орай, қазір мүмкін болмай отыр, ал орталық мемлекеттік органдар мұнымен айналыспайды, деді О. Өксікбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті