Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Сұхбат барысында өзі режисерлік еткен "Келін" фильмі туралы әңгіме қозғалды.
Ермек Тұрсынов тежелместен бүкпесіз жауап берді.
"Бұл фильм көне түркілердің бастауы. Нағыз қазақтар деген жазу жоқ, біріншіден. Екіншіден, фильм басында 2 ғасыр деген жазу бар. Бұл фильмді қазақ халқы әлі түсінген жоқ. Әлі де көрсін, талқыласын, мейлі мені ұрыссын. Соңында түсінер.
Сосын келін деп актриса Гүлшарат Жұбаеваны ойлайды бәрі, негізі ол жерде келін кемпір етін. Қолындағы аса таяғын ұстатады ғой жас келінге енді сен ене боласың деп.
Бұл фильм шетелдік премияға дейін финалына өткен еді. Алайда біздің министірліктің 18 адамы, бұл байқаудан бас тартамыз деп қол қойған. Қазақты жаман атты етіп көрсететін фильм деп. Алайда олай емес еді.
Менің айтайын дегенім өмірдің жалғасын еркектер емес әйелдер шешеді." — дейді.
"Сюжетте ешкі мен бала туралы менен сұрап, сынап жатады. Неге шындықтан бас тартамыз біз. Бала кезімде шопандар тұрады Үшқоңыр жақта. Үш ай тұрады, алты ай тұрады тіпті бір жыл тұрады. Сонда кейбіреулер үйге келгенде неше түрлі оқиғалар айтады ғой. Біз баламыз ол кезде. Солар ешкі тұрмақ қойлармен болатын. Қойды әйел ретінде пайдаланатын болған. Бұл тек қана бізде емес. Бұл шындық, біз неге шындықтан бас тартамыз.
Кезінде мықты жауынгер болған Александр Македонский деген сонда ол соғысқа кеткенде айлап, жылдап кететін болған. Македонский өз жауынгерлерінің еркектігін жоғалтпау үшін бір қора ешкіні айдап алып кететін болған. Бір жағынан сүт, бір жағынан ет, бір жағынан әйел ретінде пайдаланған. Міне осындай тарихи деректерде бар. Сол себептен мен жаңалық ашқан жоқпын, тек өтіріктен бас тарттым." — деп жауап берді режиссер.