«Есімді жисам іш киімсіз еденде жатыр екенмін..»: Бойжеткен 15 жасында әкесінен де қорлық көрген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Есімді жисам іш киімсіз еденде жатыр екенмін..»: Бойжеткен 15 жасында әкесінен де қорлық көрген

«Есімді жисам іш киімсіз еденде жатыр екенмін..»: Бойжеткен 15 жасында әкесінен де қорлық көрген

Енді ешқашан полиция арызданғым келмейді дейді зорлық құрбаны болған әйел.

  • 15 Қараша 2018
  • 452
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға туралы #НеМолчиKZ, парақшасына Дина Тансари жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

14-15 жасымда әкем маған қол жүгірте бастады. Анам ауруханада жатты. Әпкем тұрмыста болатын және бөлек тұратын. Ал ол жұмыстан мас болып келіп, маған тиісетін. Бұл жағдай бірнеше мәрте қайталанды. Мен не істей алушы едім. Салмағым 50 келіге де жетпейтін. Ол болса ірі денелі еркек. Ауғанстанда болған, десантшы. Анама айтудың мәні жоқ. Ол тіпті бұл жағдайды білмей дүниеден өтті. Аброй болғанда зорлаған жоқ.

Бірақ мен 20 жыл болды әлі ұмыта алар емеспін. Кейін көп жылдан кейін батылдық үшін ішімдік ішіп алып, танымайтын ер баламен қатынасқа түстім. Ол кезде бар жоғы 16 жаста едім. Өйткені әкемнің тиісе бергенінен шаршадым. Жаңа жылды достарымызбен атап өтпек болдық. Мен қатты ішім алып, осы қадамға бардым. Оның денеме жүгірткен қолы әле күнге дейін зәре-құтымды алады. Бірақ менің жүгенсіз жүрістермінің өзі ол жағдайды ұмытуға көмектесе алмады.

Бірнеше жылдан соң құрбым әрі әріптесім екеуімізді екі жігіт дәмханаға шақырды. Ол жерде іштік. Сосын олардың үйіне бардық. Ол жақта жігіттердің бірі мені басымнан ұрып, талдырып тастады. Не үшін, неге? деген ойлар келіп жатқаны есімде. Бір танысымның «Егер зорласа қарсылық танытпа. Тірі қалуға мүмкіндік мол болады», деп айтқаны есімде қалыпты. Ол жігітке жартылай ес-түсін білмейтін қызбен жыныстық қатынасқа түскен ұнайтын болу керек. Есімді жиғанда іш киімсіз еденде жатыр екенмін. Жүрегім айнып, басым ауырады. Құрбымды дауыстап шақырдым. Бірақ ешкім ешқандай үн шыққан жоқ. Пышақ тауып алып, құлыпты ашып алдым. Қашып шығып, полициямен байланысы бар танысымды шақырдым.


Ол мені Бостандық АІІБ әкелді. Ал полиция «сен не, оның көзін көрмейсің бе? Ол нашақор ғой», деді. 16 жыл өтсе де сол сөз әлі күнге дейін есімде. Мен ешқашан есірткі қолданған емеспін.

Кейін ұзақ емделдім. Қазір отбасым, балаларым бар.Бірақ ешқашан полициядан көмек сұрағым келмейді.

Соңғы жаңалықтар