Жарияланды: 90

Есірткінің жарнамасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының орталық көшелерінде жарқырап тұр (Фото)

Есірткінің жарнамасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының орталық көшелерінде жарқырап тұр (Фото)

Есірткі саудасының жарнамасы Алматының және басқа да мегаполистердің орталық көшелерінде жарқырап тұр.

Бұл туралы тележүргізуші Асхат Садырбай Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Міне есірткі саудасының бір көзі! VPN арқылы кіріп көріп шықтым сайттарын.

Бұлардың жарнамасы Алматының және басқа да мегаполистеріміздің орталық көшелерінде жарқырап тұр. Оны тексеріп жатқан адам жоқ. Біздің ақпараттық қауіпсіздік пен жергілікті басқарудағы салғырттықтың деңгейі осы!

Кір де қалағаныңша тапсырыс бер! Қандайы керек? Есірткі тауарының түр-түрі бар.

Бұларды тіпті блогерлер де ашық жарнамалаған", - деп жазған Асхат Садырбай.

Осы жайтқа байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз хатшысы Caravan.kz медиа порталының тілшісіне жауап берді.

"19 қарашада қаланың үш көшесінде есірткіні насихаттауға және сатуға арналған билбордтар табылды.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 297-бабы (психотроптық препараттарды заңсыз сату) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сол күні бұл баннерлерді әкімдіктің бұйрығымен алынып тасталды.
Полиция тапсырыс берушіні және осы баннерлерді орнатқан компанияны тапты. Осы құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдарды ұстау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.
Дәл осындай факт елордада бірінші рет орын алуда. Полиция қызметкерлері есірткі, психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау фактілерін анықтау мақсатында учаскелерге үздіксіз мониторинг жүргізеді.
Осылайша, жыл басынан бері синтетикалық есірткінің таралуына қатысты 124 жарнамалық факт, 200-ге жуық граффити сызбасы анықталды, нәтижесінде 108 есірткі сатылатын сайт жабылды.
Сонымен бірге, елордадағы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Нұр-Сұлтан полициясы департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін 2 дәрі-дәрмек зертханасын жойды.
Есірткі бизнесімен күрес мәселесі полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында", - деп жауап берді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін