Жарияланды: 370

ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі 9-мәжілісте біртұтас кедендік тариф қалыптастыруға байланысты құжаттарға қол қойылды

ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі 9-мәжілісте біртұтас кедендік тариф қалыптастыруға байланысты құжаттарға қол қойылды. Бұл туралы бүгін, 27-ақпанда кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Д.Ахметовтың айтуынша, біртұтас кедендік тарифтің базалық тізімін жасау "Біртұтас экономикалық кеңістік құруда айрықша маңызды қадамдардың бірі болмақ". Д.Ахметовтың хабарлауынша, "Қазақстан өз тарифтерінің 56 процентін келісті". Үкімет басшысының пікірінше, "бұл аз көрсеткіш емес", әрі "бұл санның айтарлықтай өсуі үшін не істеу керектігі" турасында түсіністік қалыптасты. Бұл орайда, ҚР үкімет басшысының пайымдауынша, " мәселе қаншалықты орынды және оған басқа жақтардың да қызығушылығын арттыру үшін не істеу керек деген сауал айрықша маңызға ие болуы тиіс". "Әр елдің жұмыс топтары бүгін дәл осы мәселемен айналысып жатыр. Интеграциялық комитет аясында да бұл мәселе талқыланды. Үкімет басшыларының жеке кездесуінде де осы мәселе қаралды",- деді Д.Ахметов. РФ үкімет басшысының міндетін уақытша атқарушы Виктор Христенко ЕурАзЭҚ аясындағы Кедендік Одақ 2006-жылы толыққанды құрылады деген пікір айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін