ЕурАзЭҚ-ның жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясы еңбек мигранттарын легализациялау туралы Қоғамдастық аясындағы келісімнің жобасын әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ-ның жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясы еңбек мигранттарын легализациялау туралы Қоғамдастық аясындағы келісімнің жобасын әзірледі

ЕурАзЭҚ-ның жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясы еңбек мигранттарын легализациялау туралы Қоғамдастық аясындағы келісімнің жобасын әзірледі

ЕурАзЭҚ-ның жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясы Қоғамдастық аясындағы ТМД елдері еңбек мигранттарын легализациялау туралы халықаралық келісімнің жобасын әзірледі. Бұл туралы ЕурАзЭҚ-ның жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Рустам Жиенбаев комиссияның 18-отырысының қорытындысы бойынша бүгін, 11-желтоқсанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2003
  • 457
Фото - Caravan.kz

Бейресми мәліметтерге жүгінсек, ЕурАзЭҚ елдеріндегі еңбек іздеп босып жүргендердің жалпы саны шашамен 5 млн. адамнан асып жығылады. Демек, бұл -Қоғамдастық үшін аса өткір мәселелердің бірі болмақ. Сондай-ақ, қашып-пысып, жасырын жүруге мәжбүр еңбек мигранттарының ахуалы Қоғамдастық елдеріндегі қылмыстық ахуалға да кері ықпалын тигізуде.

ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасары Серік Пірімбетовтың айтуынша, аталмыш келісім еңбек мигранттары үшін өз еліндегідей деңгейде әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін оларды легализациялауды көздейді.
Ал Қоғамдастық жанындағы Ресей өкілі Евгений Михайловтың айтуынша, келісімде ЕурАзЭҚ елдерінің ұлттық заңнамаларына жұмыс берушілерге шетелдік азаматтар үшін әлеуметтік қорғаудың ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуді міндеттейтін толықтырулар енгізу қарастырылған.
Бұл келісім 2004-жылдың қаңтарында өтетін ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің отырысында , бұдан кейін 2004-жылдың ақпан айында Астанада өтетін ЕурАзЭҚ үкімет басшыларының мемлекетаралық кеңесінде қаралады.

Соңғы жаңалықтар