Еуразиялық банктің Теміртаудағы филиалының қызметкері $108 мың доллар ұрлады деген күдік бар - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық банктің Теміртаудағы филиалының қызметкері $108 мың доллар ұрлады деген күдік бар

Еуразиялық банктің Теміртаудағы филиалының қызметкері $108 мың доллар ұрлады деген күдік бар

Қарағанды. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті "Еуразиялық банкі" АҚ-ның Теміртаудағы филиалының бірнеше қызметкерінің үстінен банкке қарасты $108 мың долларды иемденіп кетті деген күдікпен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 31 Наурыз 2008
  • 552
Фото - Caravan.kz

«Бұл қызметкерлер өздерінің қызмет бабын пайдалану арқылы $108 мың көлемінде қаржыны жымқырып, банкке ауқымды шығын келтірді», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы, 3-тармағының «б» тармақшасына сәйкес (сеніп тапсырылған басқаның мүлкін аса ірі көлемде қызмет бабын пайдалану арқылы иемденіп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті