Жарияланды: 930

Еуразиялық Одақ құру идеясы қашан болмасын бүкіл құрлықта жүзеге асады - ҚР президенті

"Еуразиялық Одақ құру идеясы қашан болмасын бүкіл Еуразия құрлығында жүзеге асады". Бүгін, 2-сәуірде Астанада өткен "Еуразиялық одақ : идеядан тәжірибеге ден қою" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді.

"Мен Еуразиялық Одақ идеясына шын жүрегіммен сенемін",- деді Елбасы. "Ұшы-қиырсыз Еуразия құрлығы ғаламдық бірігу қажеттігіне ерте ме, кеш пе әйтеуір тап келеді",- деп пайымдайды президент. "Еуразия елдерінің экономикалық мүддесі - бірлестіктің негізгі қозғаушы күші болмақ". "Жер шарының адами және табиғи байлықтарының басты әлеуеті шоғырланған Азия құрлығынсыз кәрі Еуропа ешқашан өмір сүре алмайды",- деді президент. Н.Назарбаевтың пайымдауынша, Азияның әлеуеті мен Еуропаның технологиясы өзара астасуы тиіс. Сонымен бірге президент осы орайда "әскери қақтығыстардың басым бөлігі де осы Еуразия құрлығында болып жататынын" атап өтті. "Бұл мәселені де бірлесе шешуге болады",- деді ол. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуразиялық Одақ құру туралы идеяны Қазақстан президенті алғаш рет 1994-жылдың 29-наурызында жария еткен болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін