Еуропада кофе-машиналардың жұмысы шектелмек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропада кофе-машиналардың жұмысы шектелмек

Еуропада кофе-машиналардың жұмысы шектелмек

Еуропалық одақ энергия тұтынуды қысқарту бойынша шаралар жөніндегі жаңа экологиялық директиваны қабылдап жатыр. Заңнама бірқатар электр құрылғыларына қатысты болмақ, оның ішінде кофе-машиналардың жұмысы шектелмек. 

  • 18 Сәуiр 2014
  • 266
Фото - Caravan.kz


Оған сәйкес, электр энергиясын бекерге шығындамау үшін автоматты түрде кофе қайнататын құрылғылар бес минут жұмыс істегеннен кейін қуат көзінен ажыратылуы тиіс болады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін бұл жаңа ереженің өнеркәсіптік кофе-машиналарға қатысы жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, ЕО энергияны ысыраппен пайдалану мәселесіне алаңдаушылық танытып отыр. Атап айтқанда, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Еуропалық одақ электр энергиясын көп тұтынатын шаңсорғыштарға да тыйым салмақ, деп жазады Росбалт.