Жарияланды: 660

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңның үкіметтік үлгісін қабылдаудың орынсыздығына сенімді

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңның үкіметтік үлгісін қабылдаудың орынсыздығына сенімді. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығының басшысы Антон Рупник Атырауда өтіп жатқан Қазақстан журналистерінің 3- конгресінде KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсетті.

Елшінің айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан арасында "жақсы қарым-қатынастар орнады". Халықаралық және еуропалық қоғамдастықтың жалпы пікіріне сәйкес, республика экономикалық, әлеуметтік және саяси көптеген параметрлері бойынша аймақтағы көршілерінен "көш ілгері келе жатыр". Республиканың болашағына деген сенім де үлкен. А.Рупниктің айтуынша, "таяу тарихымыздың тәжірибесі дәлелдеп бергеніндей, сөз бостандығы мен БАҚ-тардың пікір алуандығы қамтамасыз етілген жерде ғана ұзақ мерзімді тұрақтылыққа сенім артуға болады". Осы тұрғыдан алғанда қазір парламентте талқыланып жатқан "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңның кейбір көрсеткіштері, соның ішінде "барлығын бір заңмен шырқ үйіріп үйлестіруге деген ынтызарлық" Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының алаңдаушылығын туғызып отыр. Елшінің айтуынша, сарапшылар электронды және басылым түріндегі БАҚ-тардың барлығын бірдей бір заңмен үйлестіру мүмкін емес деген пікірде. "Біз әзірге мұндай әмбебап үйлестіруші заңнан бас тартуды ұсынамыз",- дейді А.Рупник. "Республика да, БАҚ-тар да қазіргі қолданыстағы заңның аясында өмір сүріп жатыр, әзірге наразылық білдірушілер байқалмайды". Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы орталығы басшысының айтуынша, үкіметтік емес ұйымдар туралы заңға қатысты да осындай ахуал қалыптасқан. "Ахуалды күні бұрын аңдап, заңды күн тәртібінен алып тастаған президентке біз қол соғып қошеметімізді көрсеттік",- деді А.Рупник. Егер БАҚ-тар туралы заңға қатысты осындай ахуал тағы да қайталанса, "біз тағы да қол соғар едік".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін