Жарияланды: 380

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары Оңтүстік Қазақстан облысын аралап жүр

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары Оңтүстік Қазақстан облысын аралап жүр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық сайлау комиссиясынан хабарлады.

Жуырда Ұлыбританиялық Джон Клейтон мен Болгария азаматы Семеон Апостолов Шымкентке келді. Олар облыстық және қалалық сайлау комиссияларының жұмысымен танысып, үгіт материалдары орналасқан жерлер мен жалпыхалықтық шаралар өткізілетін орындармен танысты. Ал Шымкентте үгіт материалдары 46 жерде орналасқан. Халықаралық бақылаушылар қандайбір ескерту жасаған жоқ. Олар кеше облыс аудандарын аралауға шықты. Бақылаушылар бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының ең шалғай Созақ ауданын аралауда. i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін