"Еуропаға апарар жол" бағдарламасы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси ынтымақтастықты пәрмендендіруге септігін тигізеді - саясаттанушылар - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Еуропаға апарар жол" бағдарламасы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси ынтымақтастықты пәрмендендіруге септігін тигізеді  - саясаттанушылар

"Еуропаға апарар жол" бағдарламасы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси ынтымақтастықты пәрмендендіруге септігін тигізеді - саясаттанушылар

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Голландиялық саясаттанушылардың пікірінше, "Еуропаға апарар жол" бағдарламасы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси ынтымақтастықты пәрмендендіруге септігін тигізеді. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Наурыз 2008
  • 641
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өткен аптада Гаага қаласында Қазақстан елшілігінің қолдауымен конференция өтіп, оған Голландияның саяси, ақпараттық-талдамалық және іскерлік ортасының 70-тен астам өкілдері қатысты.

Қазақстан елшісі Майнұр Мырзамадиева шараға қатысушыларға Қазақстан президентінің жуырдағы ел халқына арнаған жолдауының басты қағидаларымен таныстырды. Басты назар «Еуропаға апарар жол» атты арнаулы бағдарламаның жобасын жасау бастамасына аударылды.

«Голландиялық саясаттанушылардың пікірінше, Қазақстан президентінің Еуропалық Одақпен интеграцияны нығайту жөніндегі ұсыныстары біршама қызығушылық туғызады. Олардың пайымдауынша, бұл бағдарлама өңірдегі бірегей бағдарлама болмақ және оны қабылдап жүзеге асыру Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси ынтымақтастықты пәрмендендіруге, елге Еуропаның менеджменті мен технологияларын әкелуге, жалпы алғанда халықтар арасындағы мәдени жақындастық пен диалогқа септігін тигізеді. Шараға қатысушылар Қазақстанның «Еуропаға апарар жол» бағдарламасын жүзеге асыруға әзір екендіктерін білдірді», -делінген СІМ хабарламасында.

Нидерланды іскерлік қауымдастығының арасында мемлекет басшысының «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты нақты тапсырмалары, сондай-ақ, ауылшаруашылығы, электр энергиясы мен тасымалдау жүйелері саласында нақты бағдарламаларды жүзеге асыру тапсырмасы үлкен қызығушылық тудырды. Мәселен, KLM Royal Dutch Airlines компаниясының атқарушы директоры Д. де Гроот : «Біз Қазақстан президентінің жолдауында белгіленген мақсат-міндеттердің жалпылама сипаты мен ауқымдылығынан тәнті болдық. Бізді бизнес, әлеуметтік сала, халықаралық және ішкі саясатта қысқа мерзімде жүзеге асыруға бағытталған күрделі шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған үлкен саяси бекемдік пен ерік-жігер біздің таңданысымызды тудырады. Бар қиындықтарды атап көрсете отырып, сонымен біруақытта оны еңсеру жолдарын айқындау саяси әлеуметтің көрінісі болмақ»,- деді.

Голландияның беделді іскерлік қауымдастығы — De Industrieele Groot Club басқармаларының төрағасы Франц Тунинга «Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы елдегі барлық тіршілік қырларын толық қамти отырып, қыруар іс тындырылғанынан қарамастан, әлі де биіктерге жетелейтін іс-әрекеттердің бекем бағдарламасы болып табылады», деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті