Жарияланды: 580

Еуропалық Комиссияның халықаралық қарым-қатынас мәселесін жауаптанатын мүшесі 15-наурызда Қазақстанға ресми сапармен келеді

Еуропалық Комиссияның халықаралық қарым-қатынас мәселесін жауаптанатын мүшесі Кристофер Паттен 15-19-наурыз аралығында Орталық Азия елдеріне ресми сапармен келгелі отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапардың басты мақсаты - Орталық Азиядағы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің президенттерімен және үкімет басшыларымен жүздесіп, Еуропалық Кеңестің Орталық Азия аймағындағы стратегиясы, Орталық Азия республикаларының көршілес мемлекеттермен өзара ықпалдастығы, Орталық Азия республикаларымен Ынтымақтастық және Әріптестік жөніндегі Келісімді дамыту, аймақ елдерінің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі сынды мәселелерді талқылауға саяды. 15-наурызда К.Паттен Алматыға ат басын тірейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін