«Стратегияны біз маусым айында қабылдауымыз мүмкін»,- деді Штайнмайер бүгін «Еуропалық Одақ үштігі — Орталық Азия елдері» форматында сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі 4-ші кездесудің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, құжатта Еуропалық Одақ пен Орталық Азия өңірі елдері арасындағы қарым-қатынасқа қатысты бірнеше мәселе талқыланады. «Бұл — құқықтық мемлекет құру, білім беру саласындағы бастамалар, энергетика саласындағы алмасулар және аймақтық ынтымақтастықққа қатысты тәжірибемен бөлісу»,- деді Франк-Вальтер Штайнмайер. ГФР сыртиқы істер министрінің айтуынша, «Еуропалық Одақтың саясаты транспорттық бағыттар мен энергетикалық ресурстарды өндіретін елдерді әртараптандыруға саяды».
«Орталық Азия — энергетикалық ресурстарға бай өңір. Ол Еуропа мен Азияның түйілісінде орын тепкен, мұнда әлемдегі энергетикалық ресурстардың 5 процентке жауығы шоғырланған»,- деді ол. «Өңір қазір өзгерістер сатысын бастан кешіруде. Сол себепті біз Орталық Азия аймағындағы мемлекеттерде бейбітшілік пен тұрақтылық орнығып, гүлдене түсуін қалаймыз»,- деді Штайнмайер.
«Біз Еуропалық Одақ — Орталық Азия» форматындағы жаңаша ықпалдастықтарға сенімді негізге иеміз және біз оның аясын кеңейте түсетін боламыз»,- деді ол.
Астанада сыртқы істер министрлерінің деңгейінде «Еуропалық Одақ үштігі — Орталық Азия елдері» форматында өткен 4-ші кездесуге құрамында ГФР сыртқы істер министрі (2007 жылдың бірінші жартысында ЕО-ға төрағалық етуші мемлекет) Франк-Вальтер Штайнмайер, Еуропалық Комиссияның сыртқы байланыстар және Еуропалық көршілік саясаты жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пьер Морель, Ресейдегі Португалия Елшісі Мануэль Курту (2007 жылдың 2-ші жарты жылдыққа ЕО-ға төрағалық етуші мемлекет) қатысты.
Орталық Азия елдерінен Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин, Өзбекстаннан — Владимир Норов, Тәжікстаннан — Хамрохон Зәріпов, Қырғызстаннан — Эднан Қарабаев, және Түрікменстаның сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиев қатысты.
«Еуропалық Одақ — Орталық Азия» форматындағы диалогтың негізі 2004-жылы қаланған. Осыған дейін Қырғызстан, Бельгия және Қазақстанда үш кездесу өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті