EXPO-қалашығындағы пәтерлер маусымнан бастап сатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
EXPO-қалашығындағы пәтерлер маусымнан бастап сатылады

EXPO-қалашығындағы пәтерлер маусымнан бастап сатылады

2018 жылы 1 маусымнан бастап "Бәйтерек" холдингінің - "Байтерек девелопмент" АҚ еншілес ұйымы Астана қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үйлерді өткізе бастайды. Пәтерлер мен көлік тұрақтары сатылымға нарық жағдайында шығарылады.

  • 2 Мамыр 2018
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бқл туралы Тengrinews.kz тілшісі холдингтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

"2016 жылы Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақытында шет ел делегациясы қатысушыларының тұруы үшін 42 тұрғын үй салынды. Жылжымайтын мүлік нысандары Ұлттық қор мен жобалау компанияларының инвестициясына салынды. Мемлекеттің тұрғын үйге бөлінген  қаржыны қайтару, нарықта жылжымайтын мүлікті сату арқылы болады", — дейді "Бәйтерек девелопмент" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев.

ЭКСПО қалашығында көлік тұрағымен пәтерді кез-келген адам өзінің қаржысына немесе "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ екінші деңгейлі банктерден ипотекалық қарыз алу арқылы алады. Өсербаев ЭКСПО тұрғынжайларын сатудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, өтініш қабылдауды Digital Baiterek онлайн-платформа арқылы жүргізу жоспарланып отырғанын айтты. 

Тұрғын үйдің жайлылығы II классты және таза әрлеуде өткізіледі. Бір бөлмелі пәтердің аумағы 41,3-50,7 шаршы метр; екі бөлмелі — 60,8-75,6 шаршы метр, үш бөлмелі — 85,3-104,9 шаршы метр, төрт бөлмелі — 108,4-123,7 шаршы метр. Жуық арада жылжымайтын нысандардың бағасы тәуелсіз консалтинг компаниясын тартумен анықталатын болады.


Оқи отырыңыз:

Бұл қалай? Жаңадан тағайындалған Экономика вице-министрі мектепті бітіре сала ұлттық компанияда жұмыс істеген

«Бәйтеректің» қасына қой жайған қостанайлық жазаланды
Қыз туа бересің: Шымкентте ішкіш әке 5 баланың анасын 1 күнде тастап кетті
Соңғы жаңалықтар