Феррохромның әлемдік құны өсе түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Феррохромның әлемдік құны өсе түсуде

Феррохромның әлемдік құны өсе түсуде

АЛМАТЫ. 19 шілде. Kazakhstan Today. Феррохромның әлемдік құны өсе түсуде. Metal Pages және Metal Bulletin мәліметіне сәйкес, өткен айда құрамында хромның базалық мөлшері 60% болатын, Еуропаға жіберілетін және баж салығы төленген феррохромның құны әрбір фунтына $1,25 - 1,3-тен $1,6 - 1,7 дейін өсті.

  • 19 Шiлде 2007
  • 346
Фото - Caravan.kz

АҚШ-қа жіберілетін осындай феррохром әрбір фунтына 1,2 — 1,25 доллардан 1,35 — 1,4 долларға дейін өсті. Кесек түріндегі чардж-хром (яғни, құрамындағы хромы 55%-тен төмен феррохром) 52%-тік базамен еркін нарықта әрбір фунтына $0,81 — 0,83-тен 1 — 1,05 долларға дейін өсті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті