Францияда шіркеуге шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда шіркеуге шабуыл жасалды

Францияда шіркеуге шабуыл жасалды

 

  • 26 Шiлде 2016
  • 282
Фото - Caravan.kz

Франциядағы Сент-Этьен дю Рувре қалашығында пышақпен қаруланған екі адам шіркеуге баса-көктеп кіріп, бес адамды кепілге алған, деп хабарлайды Euronews.com. Бір дін қызметкері өлтірілген. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, екі адам өліпті.

Кейінірек полиция өкілдері шіркеуге шабуыл жасағандардың залалсыздандырылғанын айтты.

Қазір шіркеуге баратын жолдың бәрін тәртіп сақшылары жауып тастаған. Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері барды. Париждегілер Сент-Этьен дю Рувреге ел президенті Франсуа Олланд пен ішкі істер министрі Бернар Казневтің кеткенін хабарлады.   


Соңғы жаңалықтар