Жаңа анықтау құралы арқылы тағамға шошқа етінің қосылғанын білуге болады екен. Ол қарапайым: жүктілікті анықтайтын тестке ұқсас, екі жолағы бар. Бір жолақ харам қоспаның жоқтығын, екі жолақ бар екенін білдіреді. Тестілеу үшін жылы су құйылған ыдысқа бір тілім етті салып, біраздан соң жабдықты суға малу қажет. Тестті ойлап тапқандар құрамы көрсетілмеген тағамды сатып алған кезде аса пайдалы екенін айтты. Сонымен қатар, сапарға шыққанда, мейрамханада тамақтанған кезде де керек болады. Бір данасының құны 7 еуро.