Футбол: «Астана» чемпиондыққа бір табан жақындады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: «Астана» чемпиондыққа бір табан жақындады

Футбол: «Астана» чемпиондыққа бір табан жақындады

Кеше елордалық «Астана» «Оқжетпесті» қабылдады. Премьер-лиганың XXIX туры аясында өткен бұл ойында алаң иелері алғашқы минутта-ақ есеп ашты.

  • 3 Қазан 2016
  • 523
Фото - Caravan.kz


Сөйтіп, Патрик Твумаси биылғы маусымда ең жылдам соғылған голдың авторы атанды. Үзілістен кейін шабуылды үдете түскен Станимир Стойлов шәкірттері есепті еселеді. Бұл жерде де Дмитрий Шомко аяғына сап берген допты Азат Нұрғалиев қақпа торына тоғытты. Пас берудің хас шебері ұзатқан допты тағы да Патрик Твумаси баспен соғып, қорытынды нәтиже 3:0 болды. Осы ойыннан кейін елордалық клубтың екінші орындағы «Қайраттан» басымдығы 6 ұпайға артты. Енді 16 қазан күні болатын XXX турда осы екі команда Алматыда кездеседі. 

 

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр