Жарияланды: 660

"Газпром" ААҚ-ның басшысы мен ҚР ЭМРМ Қарашығанақ газ конденсаты кенішінен қазақстан газын сатып алу туралы шартқа қол қою перспективасын талқылады

4-наурызда Мәскеуде "Газпром" ААҚ-ның басшысы Алексей Миллер мен ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьниктің кездесуі өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Газпром" ААҚ-ның БАҚ-тармен байланыс жөніндегі басқармасынан хабарлады.

Кездесу барысында Қарашығанақ газ конденсаты кенішінен қазақстан газын сатып алу туралы келесім-шартқа қол қою перспективасы талқыланды. Газ Орынбор газ өңдеу зауытын 15 млрд. текше метр газ және 6 млн. тонна конденсатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кездесу барысында атап көрсетілгеніндей, алдағы жылдарда Қазақстан табиғи газ өндіру мөлшерін біршама арттыруды жоспарлап отыр. Ресейдің Түрікменстан мен Өзбекстаннан сатып алатын газ мөлшерін арттыруына байланысты бұл "Орталық Азия-Орталық" газ құбырының өткізгіштік қуатын арттыру жұмыстарын үйлесімді жүзеге асыруды талап етеді. Сондай-ақ, А.Миллер мен В.Школьник Қашаған, Қарашығанақ және теңіз кеніштерінің игерілуіне байланысты екі жақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстандағы барланған табиғи газ қоры 2 триллион текше метрді құрайды. Каспий қайраңындағы қорды қоса есептегенде табиғи газдың болжамдық қоры 8,3 трлн. текше метрге тең.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін