«Гелиос» ЖҚС желілері АИ-80 бензині мен дизель отынын сатуды тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Гелиос» ЖҚС желілері АИ-80 бензині мен дизель отынын сатуды тоқтатты

«Гелиос» ЖҚС желілері АИ-80 бензині мен дизель отынын сатуды тоқтатты

«Гелиос» компаниясы өздерінің жанармай құю станса желілері (ЖҚС) арқылы АИ-80 бензині мен дизель отынын (ДО) сатуды шілдеден бастап тоқтатты, деп көрсетілген компания таратқан хабарда.

  • 4 Шiлде 2011
  • 513
Фото - Caravan.kz

«Мұндай шешімді компания аталған өнімдерді сату компания үшін тиімсіз болғандықтан қабылдады», — делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.

Компания табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) тарапынан бөлшек саудадағы бағаны тежеуіне және көтерме саудадағы баға бөлшек саудадағы бағадан асып кетуіне байланысты шығын көріп отырғанын айтады. «Біз бұл жағдай туралы ТМРА мен салалық министрлікке бірнеше рет жүгініп көріп едік, ешқандай шешім болмады», — делінген хабарда.

Осы себепті «Гелиос» өз клиенттеріне АИ-80 және ДО келісімшарт мерзімі аяқталғанша тек нақты емес ақшаға сатылатынын хабарлайды. «Біз бөлшек саудадағы ЖЖМ сатуды доғаруға мәжбүрміз, себебі біз ең алдымен таллон мен смарт-карт арқылы алған міндетімізді орындауымыз керек», — делінген хабарда.

Компания мәліметтерінше, мұнай және газ министрлігі 1 шілдеден бастап әлеуметтік маңызды мұнай өнімдеріне шекті баға орнатқан: АИ-92/93 — Т102/л, бензин АИ-80 — Т84/л, ДО — Т87/л. Бұл ретте көтерме бағаға шектеу жүрмейді және ол келесідей аралықта құбылып тұр: бензин АИ-92/93 — Т99-105/л, бензин АИ-80 – Т84-95 /л, ДТ – Т87-95 /л.

Соңғы жаңалықтар