Жарияланды: 410

Геннадий Головкин өз чемпиондығын қорғауға дайындалуда

Әлемдік бокс қауымдастығының тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өз чемпиондығын қорғауға дайындалуда.

Бүгін Панамада ол Уганда боксшысы Кассим Оумға қарсы шығады. Қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой рингте 36 жекпе-жек өткізіп, оның 27-сінде жеңіске жеткен. 16 мыңдық «Роберт Дюран» аренасында өтетін кездесуге алдынала билеттер толығымен сатылып кеткен.

Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Құрлықтық жарыста топтық сында бағымыз жанбады; Ақбота Кәлімжанова, Әлия Тілеубаева және тағы басқа гимнастшыларымыз құраған ұжым үздік үштікке де ене алмады. Жүлделі орындарды өзара Жапония, Қытай және Өзбекстан бөлді.

Дегенмен жеке сындағы көрсеткіштер жаман емес. Жасөспірімдер арасындағы жеке сындағы сайыста астаналық Әлия Асымова бірінші күні көш бастады. Кейін де өз бағдарламасын жоғары деңгейде орындаған 14жасар шебер Азия чемпионы атанды. Ересектер арасында Азия  ойындарының чемпионы, ұлттық құраманың  бірінші  нөмірлі гимнастшысы Анна Алябьева барлық жаттығуды еш мүдірместен орындап, сары құрлық біріншілігінде жеңімпаз атанды. Оның басты қарсыласы өзбекстандық Ульяна Трофимова күміс жүлдемен шектелді.

УЕФА чемпиондар лигасының финалын қабылдағанына бір айдан аспаса да, Лондонның «Уэбмли» стадионы Еуропаның беделді турнирының финалын өткізу мәртебесіне тағы ие болды. 2012-2013 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының ақтық матчын ағылшындар қабылдаса, Еуропа лигасы Амстердамда, Еуропа суперкубогы тұңғыш рет Прагада сарапқа салынады. 

УЕФА-ның кезекті отырыснда қабылданған бұл шешімге қатысты ұйым президенті Мишель Платини: «Бұл ағылшындар үшін біздің сыйымыз болмақ, тарихы тереңге кеткен Ұлыбритания футболы екі жылдан соң өз 150-жылдфғын тойлайды» - деді. Бұл «Уэмблидегі» еуропалық доданың 5-ші финалы болмақ. Сонымен қатар  бұл отырыста тағы бір таңқаларлық шешім қабылданды. 1998 жылдан бері дәстүрлі түрде Монакодағы «Луи ІІ» стадионында өтіп келген Еуропа суперкубогың финалы Прагадағы «Эден» аренасына ауыстырылды. Бұл стадион осындай маңызды матч үшін тым кішкентай болып есептеледі, оның сыйымдылығы бар болғаны 21 мың көрермен. 

Германия құрамасының капитаны Михаэль Баллак ұлттық команда сапында енді өнер көрсетпейді. Атақты аяқдопшы бундестимде 98 матч өткізген. 

Бас бапкер Йоахим Левтың айтуынша, соңғы уақытта көптеген жас талапты ойыншылар көзге түсті және өткен әлем чемпионатынан соң команда жақсы өсіп келеді. «Мен осы туралы Баллакпен сөйлестім, ол өз түсіністігін білдірді», - деді Лев. Сонымен қатар  жаттықтырушы 10 жыл бойы Баллак команда үшін ең маңызды ойыншылардың бірі болғанын да жасырмады. Енді  команда салтанатты түрде өз капитанын шығарып салу кешін ұйымдастырғалы отыр.

Себастьян Леб Грекия Раллиінің кезеңінде үздік нәтиже көрсетті. Француздың тіркеген уақыты 2 минут 15,5 секунд болды.

Дегенмен Лебтің айтуынша, енді ол жарыс жолын жалғастырмауы мүмкін. Өйткені Грекиядағы сын ең қауіпті болып саналады, сондықтан жалпы есепте көш бастап тұрған француз әзірше ұпайларына риза. «Бұл жарыста жеңіске жетпесем де, мен үшін ең бастысы - жоғары сатыны сақтап қалу» - деді ол. Ал бұл айналымда француз Питер Солберг екінші келсе, финляндиялық Микко Хирвонен мәре сызығын үшінші болып кесті.

    

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін