Гептил мен әскери полигондарға қарсы Халықтық альянс құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+40 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гептил мен әскери полигондарға қарсы Халықтық альянс құрылды

Гептил мен әскери полигондарға қарсы Халықтық альянс құрылды

Қазақстандық экологтар ел аумағында орналасқан Ресейдің әскери полигондарына қарсы халықтық альянс құрды. Жасылдары бар, қоғам белсенділері мен қатардағы азаматтары бар осылайша бірігіп гептилмен ұшатын ғарыш кемелеріне және түрлі зымырандар мен ауыр техникалар сынақтан өтіп жатқан полигондарға қарсы шықпақ. Бүгін олар тиісті шараларды тезірек қолға алу туралы Үкіметке алғашқы талабын да айтты.

  • 7 Қыркүйек 2013
  • 431
Фото - Caravan.kz

Халықтық альянс көтеріп отырған басты мәселе Қазақстан аумағындағы Ресейдің әскери полигондары. Бүгінде жалға берілген осындай 7 сынақ алаңы бар. Халықтық альянс осы полигондардан түсетін тиынға алданбай, экологияға орасан зиян әкеліп жатқан сынақ алаңын тезірек жабуды талап етпек.

Мұхтар Тайжан, Халықтық альянс төрағасы:

— Біздің буынымыздың міндеті осы полигондарды жауып тастау. Ресей бізге дос мемлекет болса, онда өздері жауып тастау керек.

Екінші мәселе Байқоңырдан ұшырылып жатқан зымырандарға қатысты. Экологтар мен қоғам белсенділері соңғы кезде апатқа ұшырауы жиілеп кеткен кемелердің, нақтырақ айтқанда улы гептилмен ұшатындарына тыйым салу керек деп отыр.

Мұсағали Дуанбек, Қазақстан экологиялық қорының төрағасы:

— Үйлестіруші топты құрдық, енді сол топ жақсы жұмыс істейді ғой деген ойдамыз. Әрине қоғамдық ұйымдардың басын біріктіру қиын шаруа. Бірақ сонда да бір қозғалыс жасалды, үрдіс болды.

Естеріңізге салсақ, Байқоңырдағы соңғы апат 2-шілде күні тіркелген болатын. Үш спутникті тиеген «Протон-М» зымыран-тасығышы ғарыш айлағынан көтерілі бергенде құлады.


Салдарынан 600 тонна гептил жерге төгілді. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді дегенімен, сараптама қорытындысы су, ауа мен топырақтағы зиянды заттар мөлшері қалыпты жағдайдан 8 мың есе жоғары екендігін көрсеткен болатын. Ал сол маңдағы ауыл тұрғындарының келесі күні-ақ денсаулығы нашарлап, өздерін жайсыз сезінді. Ақай мен Төретамдағы жұрттың жағдайын әлі күнге біліп жатқан ешкім жоқ.

Үкімет осы апат салдары жойылмайынша, Байқоңырдан «Протон» ұшырылмайды деген еді. Алайды ол да сөз жүзінде қалып отыр. Өйткені Ресей тарапы кезекті «Протон» зымыранын 17-ші қыркүйекте ұшыратын болып жоспарлап қойған.