Германия канцлері желтоқсан айында ресми сапармен елімізге келеді
Германия канцлері Герхард Шредер биылғы желтоқсан айының басында ресми сапармен елімізге келеді. 22-қазан, сәрсенбіде ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Германия Федеративтік Республикасының еліміздегі елшісі Андреас Кертинг алдағы сапарға дайындық барысын тәптіштеді,- деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен KZ-today ақпараттық агенттігіне. |
Кездесу барысында атап көрсетілгеніндей, Германия лидерінің Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері тұңғыш рет жасағалы отырған ресми сапары еліміз үшін айрықша саяси маңызға ие. Сондай-ақ, жоғарғы деңгейдегі алдағы кездесу екі ел арасындағы әріптестік байланыстарды дамытуға қосымша серпін береді дегенге сенім білдірілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін