Германия Қазақстан экономикасына 3,3 млрд доллар инвестиция салды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия Қазақстан экономикасына 3,3 млрд доллар инвестиция салды

Германия Қазақстан экономикасына 3,3 млрд доллар инвестиция салды

Қарағанды қаласында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі А.Рау мен ГФР Экономика және энергетика федералды министрінің орынбасары

  • 10 Маусым 2015
  • 603
Фото - Caravan.kz

Экхард Францтың төрағалығымен сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-герман үкіметаралық жұмыс тобының (ҮЖТ) 9-шы отырысы өтті, оған жүзге тарта екі елдің мемлекеттік және іскер топтарының өкілдері қатысты.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ҮЖТ отырысы барысында индустриялды-инновациялық, ауыл шаруашылығы, туризм, жасыл экономика және ЖЭК, денсаулық сақтау, білім беру, қаржы және т.б салалардағы одан арғы ынтымақтастық бойынша келісімге қол жетті.

Қазіргі уақытта Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі болып табылса, Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі стратегиялық серіктесіне айналды.

2005 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта Германия Қазақстан экономикасына 3,3 млрд АҚШ долл. көлемінде инвестиция салды.

Екіжақты сауда көлемі 2014 жылда 2 млрд 761млн АҚШ долл. құрады, соның ішінде, Германияның ҚР-ға экспорты – 444,7 млн АҚШ долл., ал ҚР импорты – 2 млрд 316,7 млн АҚШ доллары.

Қазақстан нарығында Германияның шағын және орта кәсіпорындарының саны тұрақты өсуде, герман капиталының қатысуымен 1500 экономикалық құрылымдар тіркелген.

Соңғы 5 жыл ішінде екі жақтың белсенді жұмысының нәтижесінде жалпы құны 4,5 млрд АҚШ долларға 72 инвестициялық және сауда-қызметтік келісімге қол қойылған.

Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібековтің герман делегациясымен кездесуі ерекше мәнге ие болды. Себебі, қазіргі уақытта Қарағанды қаласының «Сарыарқа» АЭЗ-да германдық кәсіпорындардың қатысуымен инвестициялық жобалар өте жиі шоғырланған.

Соңғы жылдары қол жеткізілгн стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейі, ұдайы кездесулер мен жоғары деңгейдегі диалог екі мемлекет арасындағы экономикалық әріптестіктің нығаюына мүмкіндік жасады, — деп хабарлайды 

http://www.today.kz/kz