Дипломаттар Майндегі-Франкфурт қаласына заңсыз жолмен ірі көлемде темікі тасыған көрінеді. Жергілікті құқық қорғау орындары олардың ізін алдымен бір айға жуық аңдыған. Сот содан кейін ғана Алпысбаевты ұстауға ордер беріпті. Бас консулды темір торға тоғытуға оның дипломатиялық қолсұғылмаушылық құқы да кедергі бола алған жоқ. Қазір осы мәселеге қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ бас консулдың ісі оңай шешіле қоймасы анық. Жалпы, бұл Германияда жүрген депломаттарға қатысты алғашқы келеңсіз жайт емес. Бұған дейін Берлиндегі елшілік қызметкері Данияр Атанов жергілікті такси жүргізушісімен жаға жыртысып, Астанаға кері қайтарылған болатын.
Мәулен Әшімбаев, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы:
— Дәл осы жағдайға қарап, Сыртқы істер министрілгінің жалпы жұмысын сынауға болмайды. Ал, Алпысбаевтың мәселесіне қатысты Германия мен Қазақстаннның заңына сай шешім қабылдануы тиіс. Екі ел арасында халықаралық келісім де бар. Егер дипломаттың кінәсі дәлелденсе, осы тәртіптің барлығын ескеріп, жазаланады.