Германияның Қазақстандағы жаңа елшісі өз қызметіне кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияның Қазақстандағы жаңа елшісі өз қызметіне кірісті

Германияның Қазақстандағы жаңа елшісі өз қызметіне кірісті

25 шілдеде Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып Рольф Мафаэль тағайындалды, деп хабарлайды дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметі.

  • 29 Шiлде 2016
  • 337
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының жоғарғы өкілі ретінде ол Германия мүддесін қорғайтын, елдегі барлық салада неміс-қазақ қарым-қатынасын қолдайтын елшілікті басқарады», — делінген хабарламада.

Елші Рольф Мафаэль 1955 жылы Брухзаль (Баден) қаласында туған. Мектепті бітіріп, 1974-1980 жылдары Гейдельберг пен Берлинде құқықтануды оқыған. Екінші мемлекеттік сынақтан кейін Мафаель Мангеймге прокурор болып қызмет етті, ал 1985 жылы Сыртқы істер министрлігіндегі еңбек жолын бастаған. Женевада (1989-1993, қарусыздандыру бойынша Конференция делегациясы), Тегеранда (1993-1995), Еуропалық комиссияда (1995-1998) және Брюссельде Германия Федеративтік Республикасының НАТО-дағы тұрақты төрағалығындағы қызметтен кейін Р.Мафаель Германия Сыртқы істер министрлігіне саяси бөлім басшысының орынбасары ретінде қайта оралды.

Токиодағы (2002-2005) кезекті тағайындаудан кейін ол Берлинде еуропалық саясатты үйлестіру бойынша бөлімше басшысы, кейінірек Еуропалық департамент өкілі ретінде жұмыс істеді. 2012 жылдан 2016 жылға дейін Германия Федеративтік Республикасының Оңтүстік Кореядағы елшісі болып еңбек етті.


Елші Р.Мафаель үйленген, бес баласы бар.

Соңғы жаңалықтар