Жарияланды: 100

Ғалымдар коронавирустан өлім қаупін арттыратын жаңа факторды атады

Ғалымдар коронавирустан өлім қаупін арттыратын жаңа факторды атады Сурет - © Depositphotos / iLiApodo1988

Ғалымдар коронавирустан өлім қаупін арттыратын жаңа факторды атады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеу жұмысы BMC Medicine порталында жарияланды.

Маунт-Синай (Нью-Йорк) медициналық орталығына қарасты Икан медицина мектебі жүрек-қан тамыр аурулары орталығының мамандары 7 614 науқастың ауру тарихын зерттеген. Олар науқастардың дене қызуының көтерілуі мен қалай ауырғанын бақылаған.

Ғалымдар коронавируспен ауырған кезде науқастың дене қызуының болуы өлімге алып келуі мүмкін деген қорытынды жасаған. Зерттеушілер мұндай жағдайда дене температурасының жоғары не төмен болуы да қауіпті екенін айтады: дене қызуының 40 градустан жоғары болған науқастардың 42 пайызы, ал дене температурасы 35,5 пайыздан төмен науқастардың 44 пайызы қайтыс болған.

Ғалымдар адам коронавируспен ауырған кезде оның дене қыуын бақылау маңызды екенін айтады. Бұл науқастың денсаулығына қандай қауіп төнетінін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін