Ғалымның ескертуі: Роботтар адамзатты қырып, тіршілік... - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Ғалымның ескертуі: Роботтар адамзатты қырып, тіршілік...

Ғалымның ескертуі: Роботтар адамзатты қырып, тіршілік...

Роботтар адамзатты қырып, тіршіліктің жаңа формасына айналады. Ғалымның ескертуі

  • 3 Қараша 2017
  • 396
Фото - Caravan.kz

Дамудың белгілі бір кезеңінде жасанды интелект тәуелсіз бола бастайды да, адамнан асып түсетін тіршілік формасына айналады. Ұлыбританиялық ғалым Стивен Хокингтің пікірінше, бұл жақын болашақта болуы мүмкін, — деп жазады "Life.ru" порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

"Қазір адамдар компьютерлік вирустар жасап жатса, болашақта өзін жетілдіре алатын жасанды интелект те жасалады. Ол адамнан асып түсетін тіршілктің жаңа формасына айналады", — дейді Хокинг. 

Ғалымның пайымынша, осыдан кейін жасанды интелект адамдарды алмастырады. Сондықтан ғалым адамдарды ғылыммен көбірек айналысуға шақырады. Адамдар басымдықтарын өзгертпесе, болашағымыз күңгірт болуы мүмкін. 

"Жер біз үшін тым тар болып барады, адам саны жылдам өсіп келеді. Осыдан барып бір-бірімізді жойып жібереміз деген қауіп бар", — деген ой айтады ғалым. 


Мұның алдында америкалық бизнесмен Илон Маск жасанды интелект жасаудан елдер арасындағы бәсекелестіктің үшінші дүниежүзілік соғысқа себеп болуы мүмкін екенін айтқан еді.
 

Соңғы жаңалықтар