Ғарышкерлер отырған капсула Жезқазған маңына аман-есен қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғарышкерлер отырған капсула Жезқазған маңына аман-есен қонды

Ғарышкерлер отырған капсула Жезқазған маңына аман-есен қонды

Бүгін Жезқазған маңына Союз ТМА 08 кемесінен үш ғарышкері бар капсула бөлініп түсті. Ресейлік Павел Виноградов пен Александр Мисуркин және НАСА астронавты Кристофер Кесседи мінген кеме ашық ғарышта 6 айға жуық уақыт болған.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 332
Фото - Caravan.kz


Капсула сағат таңғы 7 -лер шамасында Жезқазған жеріне сәтті қонды. 167 тәулік бойы халықаралық ғарыш стансасында жұмыс істеген мамандар ашық ғарышқа бірнеше рет шыққан. Олар плазмалық кристалдың теңсіздіктегі әрекетін анықтайтын зерттеу жұмыстарына да қатысып, 42 рет сынақ  өткізген. Сонымен қатар ашық ғарыш кеңістігінде микроорганизмдердің өмір сүруіне бақылау жасалды. Атқарып келген жұмыстардың барлығы да ғарышты терең зерттеуге септігі тиеді дейді мамандар. 36 -шы экспедициядан аман есен оралған ғарышкерлер Қарағанды әуежайына әкелініп, әдеттегідей сый-сияпатқа бөленді. Тарту-таралғы беріліп, шапан жабылды. 60 жасқа толғанын ғарышта атап өткен экипаж мүшесі Павел Виноградов қала әкіміне өз сыйлығын жасады.