Голливуд не түсірсе де ол ең бірінші боп, әдетте, Америкада, сосын барып Ресейде көрсетіледі. Одан кейін ғана кино біздің елге келеді. Алайда, бұл жолы бәрі басқаша. Әлемдік премьера тұңғыш рет Қазақстаннан басталды!
Қайрат Нұрмағамбетов, блогер:
-Ұлымды бірінші рет кинотеатрға алып келдім. Толқып тұрмыз. Мультфильм ұнамаса, тұрып кетіп қалуымыз мүмкін.
Бірақ ешкім де кете қоймады. Керісінше, бүлдіршіндермен қатар ересектер де мультфильм билеттеріне таласып қалды.
—Ал бұл басты кейіпкердің өзі. Жұп-жұмсақ ең мейірімді робот. Шар тәріздес үрілген Бэймакс кәдімгі балақаймен дос болады. Әке-шешесінен ерте айырылған тұл жетімді ол түрлі қатігез жауыздардан құтқарып, нағыз ажырамас жолдасына айналады.
—На нас напал супер-злодей! Прикиньте! Бежим!
Көрерменін бірден баурап әкететінГолливудтың кезекті туындысын «Дисней» және «Сони» студияларының ресми дистрибьюторы «Меломан» компаниясы ұсынып отыр. Мультфильм 3D форматында. Аты анимация болса-дағы, бұл үлкендердің жүрегін елжіретіп жібереді.
-Мы вас вылечим… Бэймакс!
Ендеше сіз де кинотеатрға асығыңыз! «Город героев» деп аталатын осы маусымның ең жаңа мультфильмін жіберіп алмаңыз.