«Гигиенаға сай емес»: академик қазақтың амандасу дәстүрін жаңғыртуды ұсынды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Гигиенаға сай емес»: академик қазақтың амандасу дәстүрін жаңғыртуды ұсынды (ВИДЕО)

«Гигиенаға сай емес»: академик қазақтың амандасу дәстүрін жаңғыртуды ұсынды (ВИДЕО)

Қазақта иіліп сәлем беретін әдемі көрініс бар. Қазақстандықтарға инфекция жұқартырмау үшін қол алысудан бас тарту қажеттігі айтылды. Оның орнына танымал ғалым "Сәлем бердік" қазақы дәстүрін жаңғыртуды ұсынды.

  • 4 Наурыз 2020
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Sn.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде атақты академик, Қазақ тағамтану академиясының президенті және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры Төрегелді Шармановтың видеосы тарап жатыр.

"Мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қол алып амандасуды доғару керектігін айтқым келеді. Бұл гигиенаға сай емес. Ол адам қайдан шықты, не ұстады, белгісіз ғой. Ал қолын алмасаң мәдениетсіз секілді көрінесің. Қазақта иіліп сәлем беретін әдемі көрініс бар. Соны жаңғырту керек. Адам оң қолын жүрегінің тұсына апарып, басын изеп «Сәлем бердік» деген. Ал келіндер иілген, әрине. «Сәлем алдық» дейді келесі адам немесе үлкендер жағы жастарға басынан сипап, бата беріп жатады. Жақсы көрініс қой, осыны жаңғыртайық", — дейді ғалым.


 

Соңғы жаңалықтар