гипет Қазақстаннан импортталатын астықтың мөлшерін арттыруға мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
гипет Қазақстаннан импортталатын астықтың мөлшерін арттыруға мүдделі

гипет Қазақстаннан импортталатын астықтың мөлшерін арттыруға мүдделі

Египет Қазақстаннан әкелінетін астықтың көлемін арттыруға мүдделі, деп мәлімдеді Египеттің әлеуметтік қайта құрулар министрі Гауда Абдель-Халек.

  • 29 Маусым 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Біз екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыладық, оның ішінде Египет қазақстандық астықты көбірек тасымалдауға мүдделі екендігін білдірді», деді ол журналистерге сәрсенбіде Астанада Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен болған келіссөздердің нәтижелері бойынша.

Оның айтуынша кездесуде сондай-ақ мәдениет және дін мәселелерінде ынтымақтасу мүмкіндіктері талқыланған.
Қазақстанда 2010 жылы жиналған астықтың таза салмағы 12,2 млн тоннаны құрады. Алдында елдің ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтың хабарлауынша, республика ағымдағы маркетингтік жылы шамамен 6 млн тонна астық экспорттайды.

Соңғы жаңалықтар