Қосалқы құрал-жабдықтары бар «Протон-М» зымыран тасығышы Мәскеу түбінде орналасқан М. Хруничев атындағы орталығынан 23 қарашада темір жол арқылы Төретам станциясына жеткізілді.
Барлық кедендің тексерулер өткізіліп, тиісті құжаттар берілгеннен кейін, зымыран тасығышы монтаждық-тәжірибелік корпусының №92 алаңына жеткізілді. Онда ол құрастырылып, толық іске қосылатын болады.
Ресейлік «Глонасс-М» навигациялық жер серіктерін ұшыруға байланысты, ғарыш айлағында ДМ үдеткіш блогы мен екі «Глонасс-М» ғарыштық аппараттары дайындықтан өткізілуде. Ғарыш айлағына желтоқсанның басында үшінші жер серігі жеткізілуге тиіс.
Байқоңырдан ресейлік навигациялық жер серіктері екінші рет ұшырылады. Бұдан бұрын, үш бірдей «Глонасс-М» аппаратын алып «Протон-К» зымыран тасығышы 26 қазанда ұшырылған болатын.
«Глонасс-М» жүйесіндегі үш жер серігін ұшыру арқылы, орбитада орналасқан ресейлік жаһандық навигациялық серіктер жүйесіндегі жер серіктерінің саны 24-ке дейін ұлғаяды.
«Глонасс-М» атты 3 ғарыштық аппараттарын «Протон-М» ракета -тасығышының көмегімен 2007 жылдың 25 желтоқсанында ұшыру жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті