«Голливудша ақырзаман» фильмі көрермендерге жол тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+38 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Голливудша ақырзаман» фильмі көрермендерге жол тартты

«Голливудша ақырзаман» фильмі көрермендерге жол тартты

Ақырзаман Голливуд стилінде. Бүгіннен бастап отандық прокатқа режиссер Эван Голдбергпен Сет Роген бірлесіп түсірген «Голливудша ақырзаман» атты жаңа картина шықты. Туынды жанры жағынан қорқынышты болғанымен, комедияға негізделіпті. Көрсетілімді «Сони», «Дисней» сынды киностудиялардың өнімін елімізде таратушы «Меломан» компаниясы ұсынып отыр.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 279
Фото - Caravan.kz

Лос-Анжелес, Голливуд. Танымал актер Джеймс Франконның үйінде жұлдызды сауық кеш өтуде. Ессіз би, наша, ішімдік. Бірақ қызған отырыстың шырқын кенет тосыннан туған жер сілкінісі бұзады. Сөйтсе, жер бетіне ақырзаман жетіпті.

Әрине, «Голливудша ақырзаман» деп аты айтып тұрғандай, картина желісі әдеттегі голливудтың стилінде өрбиді. Яғни, өзгесі өртенсе де Джеймстің үйі апокалипсистің отынан аман қалады. Ендігі арпалыс іште тірі қалған 6 достың арасында туады. Тамақ, бір жұтым су үшін. Фильм жанры жағынан қорқыныш болғанымен, комедияға басымдылық берген.

— Бұл ақырзаманды бірге бастан өткерген достар туралы фильм. Әркім өз-өзін сомдайды. Біз шын өмірде де дәл осындай жолдастық қарым-қатынастамыз.

Картина әлемдік экранға бірер күн бұрын ғана шыққан. Десе де жалпы 32 млн. долларға түсірілген туынды бір АҚШ кассасының өзінен 100 млн.-нан астам қаражы жинапты.  


Айдос Сағатов, әнші:

 — Бұл шынында Голливудтың Голливудқа жасаған пародиясы іспеттес фильм екен. Ондағылар бір жасанды, қиялдан туған өмірде өмір сүруге құштар ғой. Міне, сол кинода да көрініп тұр. Жалпы көруге тұрарлық туынды.

Осы тұста айта кетсек, фильмнің бізде көрсетілуіне мүмкіндік беріп отырған, «Сони», «Дисней» сынды кино студиялардың өнімін елімізде таратушы «Меломан» компаниясы.

Карина Әбуғалиева, «Меломан» компаниясы жарнама бөлімінің жетекшісі:

 — Фильм еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Жақсы нәтиже күтеміз. Жанры жеңіл болғандықтан көптің көңілінен шығары хақ.

Сонымен Голливудше ақырзаманның қалай болатынын бүгіннен көруге мүмкіндік бар.