Головкин Альвареспен қай қалада жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин Альвареспен қай қалада жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты

Головкин Альвареспен қай қалада жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) командасымен бірге Даллас қаласына барды, деп хабарлайды Sports.kz.

  • 26 Қазан 2017
  • 225
Фото - Caravan.kz

Онда Головкин демеуші компания Tecate ұйымдастырған шараға қатысып, аталған қалада мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы реванш өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ Геннадий Америка Ұлттық футбол лигасында өнер көрсететін «Даллас Ковбойз» клубының вице-президенті Чед Эстиспен кездесті. «Далласқа келіп «Даллас Ковбойстағы» досым Чед Эстисті көруге қуанышты болдым. Бұл қалада жекпе-жек өткізу тамаша оқиға болар еді», -деп жазды Головкин Твиттерге.

Головкин — Альварес реваншы 2018 жылдың 5 мамырында өтеді деп күтілуде. Жекпе-жекті қабылдауға Лас-Вегас, Даллас (100 мыңдық AT&T Stadium аренасы) және Нью-Йорк қалалары үміткер болып отыр.


Соңғы жаңалықтар