Головкин Канелоға тағы да есе жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин Канелоға тағы да есе жіберді

Головкин Канелоға тағы да есе жіберді

 

  • 18 Қыркүйек 2022
  • 44
Фото - Caravan.kz

Отандасымыз Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек жеңімпазы анықталды. 12 раундқа созылған бәсекеде Канело тағы да үстем болып, Геннадийді екінші рет жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты шоуы осы екі боксшы арасындағы жұдырықтасу болып еді.

Бұл жекпе-жекте Альварестің IBF, WBC, WBA Super және WBO супер орта салмақтағы белбеулері бәске қойылды.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен "Канело" Альварестің пайдасына аяқталды.

Бірінші және екінші жекпе-жектерден айырмашылығы – бұл жолы боксшылар 76,2 келі салмақ дәрежесінде кездесті. Бұл Головкиннің осы салмақтағы дебюттік жекпе-жегі болды. Шамасы, ең соңғысы да осы болар.


Айта кетейік, бұған дейін өткен екі кездесудің бірінде боксшылар тең түссе, екіншісінде "Канело" жеңіске жетті. Бүгінгі трилогияның да нүктесін Сауль Альварес қойды.