Грек полициясы телеарна ғимаратына басып кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грек полициясы телеарна ғимаратына басып кірді

Грек полициясы телеарна ғимаратына басып кірді

  • 7 Қараша 2013
  • 361
Фото - Caravan.kz
   Грекия астанасы Афина қаласында бүгін таңертең полиция күштері үкімет шешімімен жабылған ERT телерадиокомпаниясының ғимаратына басып кіріп, онда наразылық білдіріп отырған адамдарды күштеп шығарды, деп жазады Азаттық Радиосының сайты. 

Ғимараттың сыртында жабылған телеарна журналистерін қолдауға келгендер мен полиция арасында қақтығыс болған. Полиция оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашқан.

Қаржы дағдарысынан оңалу үшін Грекия үкіметі биыл маусымда бюджет шығындарын қысқарту шараларының бірі ретінде мемлекеттен қаржыландырылатын ERT телерадиокомпаниясын жапқан соң 2600 адам жұмыссыз қалған болатын.

Үкімет шешімімен келіспеген журналистер тобы маусым айынан бері осы ғимараттан интернет арқылы хабар таратуды жалғастырған. Кейін үкімет жаңадан қоғамдық телеарнаны жұмысқа қосқан еді.

Былтыр Грекия парламенті мемлекеттік шығындарды азайтып, салықты көбейтуді көздейтін жаңа заң қабылдап, қатаң экономикалық саясат жүргізуді көздейтін 2013 жылға арналған бюджетті бекіткен. Грек үкіметі қаржы тапшылығынан құтылу үшін қатаң бюджет саясатын ұстану туралы кредиторлар қойған талапты орындауға келіскен.