Грузия президенті актрисаға үйленді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия президенті актрисаға үйленді

Грузия президенті актрисаға үйленді

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили суретші және актриса Мака Чичуамен ресми түрде некесін қиды.

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 463
Фото - Caravan.kz

Екеуі бірнеше жылдан бері азаматтық некемен бір шаңырақтың астында тұрған еді.

Неке қию салтанаты Душетидегі (Грузияның шығысындағы аймақ) президенттің қала сыртындағы үйінде өтті.

45 жастағы Георгий Маргвелашвили осымен үшінші рет үйленіп отыр. Оның бірінші әйелінен сүйген  Анна есімді қызы қазір 22 жаста. Мака Чичуаның да алғашқы күйеуінен қыз баласы бар.

Мака Чичуа телеарналардың бірінде визажист болып еңбек еткен. Сондай-ақ ол сахнада да өнер көрсеткен, «Күлімсіре» («Улыбайся») көркем фильмінде ойнаған, деп хабарлайды БЕЛТА.