Бұл туралы сенбі күні Грузияның сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе «Рустави-2» телеарнасының тікелей эфирінде мәлім етті.
«Біз ТМД-ға ену туралы ешбір ресми ұсыныс алғанымыз жоқ және ондағылар мұндай шешімнің мүмкін еместігін жақсы түсінеді деп ойлаймын», — деп атап өтті М.Панджикидзе.
«Грузия тек екі ұйымға ғана кіруге ниетті — Еуропалық одаққа және НАТО-ға», — деп қосты грузиялық министр.
«Біздің барлық стратегиямыз осыған бағытталған және ТМД-ға қосылу туралы әңгіме мүлдем болып жатқан жоқ», — деп түйді ол.
Еске салайық, осы аптаның басында ТМД атқарушы комитетінің өкілдері Тбилиси тарапынан бастама түскен жағдайда, Грузияны ТМД-ға қайтару мәселесін қарастыруға дайын екендіктерін мәлім етті.