Грузияда қаралы күн жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузияда қаралы күн жарияланды

Грузияда қаралы күн жарияланды

Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили 15 маусымды осы елдегі су тасқынынан қаза тапқандарды еске алуға орай қаралы күн деп жариялады.

  • 15 Маусым 2015
  • 258
Фото - Caravan.kz

"Өкінішке орай, адамдар опат болды. Бұл үлкен қасірет. Қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Грузия үкіметінің 15 маусым күнін қаралы күн деп жариялау туралы өкімі шықты», — деді Гарибашвили.

Қазіргі сәтте 12 адамның ажал құшқаны мәлім, ондаған отбасылар үйсіз-күйсіз қалды, деп хабарлады Интерфакс.


Осыған дейін хабарлағанымыздай, бірнеше сағат толастамаған нөсер жауын Грузия астанасы Тбилиси қаласының бірнеше аудандарын су басуға әкеп соқты. Аулаларды, бірінші қабаттарды, жерасты өткелдерін, жүздеген үйлердің жер төлелерін су басты.